2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

    «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына және «Акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 108077 болып тіркелген) сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері бекітілсін.

    2. «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жетісу облысының әкімі

    Б. Исабаев

    Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 117 қаулысына қосымша

    2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері

    Субсидиялау түрлері
    Өлшем бірлігі (килограмм, дана)
    Балық өндірісінің көлемі
    Азықтың субсидияланатын көлемі
    Субсидиялар сомасы
    (мың теңге)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1.
    Балық азығына тиесілі субсидиялар:
    1.1
    Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары
    килограмм
    39000
    156000
    16380,0
    1.2
    Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
    килограмм
    24000
    28800
    7776,0
    2
    Тұқы, албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін балық отырғызу материалын сатып алуға субсидиялар:
    2.1
    Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана
    дана
    460000
    6900,0
    2.2
    Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) уылдырық
    дана
    600000
    3000,0
    2.3
    Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана
    дана
    217760
    5444,0
    3.
    Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау
    дана
    1
    500,0
    Барлығы:
    40000,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.