«Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 сәуір 2024 ж.

    «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:

    2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) апелляция – кандидаттың біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша білімді растау жөніндегі ұйым қабылдаған шешімді қайта қарау туралы жазбаша өтініші;

    2) апелляциялық комиссия – кандидаттардың апелляцияларын қарау үшін білімді растау жөніндегі ұйым құратын комиссия;

    3) біліктілік емтиханы – кандидаттың сертификаттау пәндері бойынша емтихан модулін орындау рәсімі;

    4) білімді растау жөніндегі ұйым – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттар үшін білімін растау рәсімін өткізетін ұйым;

    5) емтихан модулі – тест сұрақтарынан және кешенді ахуалдық тапсырмалардан тұратын тапсырмалар көлемі;

    6) емтихан комиссиясы – біліктілік емтиханының нәтижелерін тексеру мен бағалауды жүзеге асыру үшін білімді растау жөніндегі ұйым құратын комиссия;

    7) кандидат – тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер Қазақстан Республикасының азаматы;

    8) кандидаттың білімін растауы – біліктілік емтиханын тапсыру арқылы кандидаттың білім деңгейін бағалау;

    9) қадағалаушылар – біліктілік емтиханын өткізу процесін қадағалауды жүзеге асыратын адамдар;

    10) Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) – тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттерін айқындайтын консультативтік-кеңесші орган;

    11) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау (бұдан әрі – сертификаттау) – білімін растау және Ұлттық комиссияда әңгімелесу арқылы кандидатқа тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беру рәсімі;

    12) мемлекеттік аудитор сертификаты – осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес кандидатқа тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруді растайтын, арнайы қорғау дәрежесі бар, Ұлттық комиссия беретін белгіленген үлгідегі құжат;

    13) Ұлттық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) – қызметі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережемен (бұдан әрі – Ұлттық комиссия туралы ереже) айқындалатын Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата).

    3. Сертификаттау мынадай:

    1) мемлекеттік аудитор;

    2) жоғары санатты мемлекеттік аудитор деңгейлері бойынша жүзеге асырылады.

    Берілген тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитордың сертификаттары осы Қағидалардың 40 және 43-тармақтарына сәйкес мемлекеттік аудитор сертификаты берілгенге дейін қолданылады.»;

    4-1 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «4-1. «Мемлекеттік аудитор сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Жоғары аудиторлық палата көрсетеді.

    «Мемлекеттік аудитор сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-1-қосымшада келтірілген.

    5. Білімді растауды «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған ұйым (бұдан әрі – білімді растау жөніндегі ұйым) өткізеді.

    «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білімді растау жөніндегі ұйым айқындалмаған жағдайда, білімді растауды Заңның 12-бабы 4-тармағының 8) тармақшасына және 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес:

    сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палата;

    ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдастырады.

    Білімді растау компьютерлік техниканы пайдалана отырып, біліктілік емтихандарын тапсыру жолымен өткізіледі.

    Білімді растау жөніндегі ұйымдардың тізімі Жоғары аудиторлық палатаның және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;

    5-1 және 11-тармақтар алып тасталсын;

    14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілігі бар кандидаттар білімді растау жөніндегі ұйымның шешімі бойынша сертификаттау пәндері бойынша жекелеген емтихандарды тапсырудан мынадай тәртіппен босатылады:

    1) кандидаттар мынадай:

    «аудитор»;

    АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);

    АСА (Associated Chartered Accountant) (Қауымдастырылған дипломды бухгалтер) біліктіліктерінің бірі болған жағдайда, «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» және «Қаржылық есептілік аудиті» пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады;

    2) кандидаттар мынадай:

    «кәсіби бухгалтер»;

    DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) (Халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом) біліктіліктерінің бірі болған жағдайда, «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады;

    3) кандидаттар мынадай:

    CIPFA (The Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);

    CIPFA DipIPSAS-пен (Diploma in international public sector accounting standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша диплом) бірге CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) (Дипломды мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты мемлекеттік аудитор) біліктіліктерінің бірі болған жағдайда, «Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» және «Қаржылық есептілік аудиті» пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады;

    4) кандидаттар IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) біліктілігі болған жағдайда, «Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.

    15. Білімді растау жөніндегі ұйым:

    сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатамен;

    ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органмен келісілген емтихан модульдері бойынша біліктілік емтиханын өткізу арқылы біліктілік емтиханын ұйымдастырады.

    Емтихан модульдері қолданыстағы заңнама мен мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттары ескеріле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді және күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жыл сайын жаңартуға жатады.

    Емтихан модульдері тест сұрақтары мен кешенді ахуалдық тапсырмалардан тұрады.

    Емтихан модульдерін түскен күнінен бастап бір ай мерзімде:

    сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палата;

    ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті орган қарайды.»;

    25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «25. Тестілеу нәтижелері және кешенді ахуалдық тапсырмалардың шешімі ведомоспен ресімделеді және оған 2 (екі) жұмыс күні ішінде біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыруға жауапты білімді растау жөніндегі ұйымның өкілдері мен кандидат қол қояды.»;

    27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «27. Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң нәтиже алған кандидатқа білімді растау жөніндегі ұйым ведомосқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігіне білімін растау туралы құжат береді.

    Білімді растау туралы құжаттың көшірмесі кандидаттың жеке ісіне тігіледі.

    Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша білімін растаған адамдардың тізімі ведомосқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде білімді растау жөніндегі ұйымның интернет-ресурсына орналастырылады.»;

    29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «29. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған кандидат оны біліктілік емтиханын 1 (бірінші рет) тапсыра алмаған күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен ерте емес, бірақ сертификаттаудың белгілі бір пәнінен біліктілік емтиханын тапсырма алмаған күнінен бастап 1 (бір) жылдан кешіктірмей қайта тапсырады.

    Кандидат осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде біліктілік емтиханын тапсырмаған жағдайда, бұрын тапсырылған біліктілік емтихандарының оң нәтижелері жойылады, содан кейін кандидат сертификаттаудың барлық пәнін өз қаражаты есебінен қайта тапсырады.

    Осы кезең ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген) бекітілген Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кіретін ауруға, 6 (алты) айдан астам іссапарда болуына, мемлекеттік тапсырыс немесе тағылымдама шеңберінде оқуына, мерзімді әскери қызметке шақырылуына байланысты біліктілік емтиханын тапсыра алмаған кандидат бұрын тапсырылмаған сертификаттау пәнінен біліктілік емтиханын қайта тапсырады.

    6 (алты) айдан астам іссапарда, мемлекеттік тапсырыс немесе тағылымдама шеңберінде оқуда, сондай-ақ әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметте болған кандидат бұрын тапсырылмаған сертификаттау пәні бойынша біліктілік емтиханын оны аяқтаған күнінен бастап 1 (бір) жыл ішінде қайта тапсырады.

    Біліктілік емтиханын қайта тапсыру күні білімді растау жөніндегі үйымның тиісті күнтізбелік жылға арналған Біліктілік емтихандарының бекітілген кестесіне сәйкес белгіленеді.»;

    34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «34. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай:

    1) кандидаттың апелляцияға берген өтінішін қанағаттандыру және оны біліктілік емтиханын қайта тапсыруға жіберу не біліктілік емтиханының нәтижесіне (балына) балл (-дар) қосу туралы шешім қабылдау;

    2) апелляцияға берілген өтінішті қанағаттандырусыз, ал біліктілік емтиханының нәтижесін (балын) өзгеріссіз қалдыру.»;

    37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «37. Апелляциялық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) нормаларына сәйкес шағым берілуі мүмкін.

    38. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену үшін сертификаттауға: экономика және бизнес (экономика немесе әлемдік экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мемлекеттік аудит) немесе құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) және (немесе) ақпараттық технологиялар жоғары білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кандидат жіберіледі.»;

    39-тармақ алып тасталсын;

    41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «41. Ұлттық комиссияда әңгімелесу үшін жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында мемлекеттік аудитор болып соңғы 5 (бес) жыл бойы жұмыс істейтін және:

    1) мемлекеттік аудитор сертификаты;

    2) мына халықаралық кәсіби ұйымдардың бірі:

    ICAEW (Institute of Chartered Accountants in England and Wales) (Англия мен Уэльстің алқа бухгалтерлер институты);

    АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);

    CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);

    IIA (Institute of Internal Auditors) (Ішкі аудиторлар институты) берген мына кәсіби біліктіліктердің бірі:

    ACA (Associated Chartered Accountant) (Қауымдастырылған дипломы бар бухгалтер);

    ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);

    CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);

    CIPFA DipIPSAS-пен (Diploma in international public sector accounting standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша диплом) бірге CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) (Дипломды мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты мемлекеттік аудитор);

    CIA (Certified Internal Auditor) (Дипломы бар ішкі аудитор);

    АССА F8 (Audit and Assurance) не АССА F8-пен (Аудит және анықтықты растау) немесе Cert IA ACCA (Certificate in International Auditing) (Халықаралық аудит бойынша сертификат) бірге IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) (орыс тілінде) бар екенін растайтын құжаты;

    3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірлеген, ішкі мемлекет аудит және қаржылық бақылау органдары үшін қолданылатын сертификатпен (Public Audit and Assurance) (Мемлекеттік аудит және анықтықты растау) IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) кәсіби біліктілігінің бар екенін растайтын құжаты;

    4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде соңғы 2 (екі) жыл ішінде мемлекеттік аудиторлар қызметінің тиімділігін бағалаудың оң нәтижесі бар;

    5) алынбаған тәртіптік жазалары жоқ кандидат жіберіледі.

    Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесінде кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссияларының төрағалары, мүшелері, аппарат басшылары, Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы мен орынбасарлары, Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің басшылары мен орынбасарлары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі мемлекеттік аудит қызметтерінің басшылары мен орынбасарлары (болған жағдайда) Қағидалардың осы тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге Ұлттық комиссияға әңгімелесу үшін жіберіледі.»;

    43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «43. Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидат (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін Жұмыс органына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы үміт білдірген тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігі көрсетілген өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) жоғары білімінің болуын растайтын құжаттың қосымшаларымен бірге көшірмесі.

    Шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.

    Білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиантының мәртебесі туралы ақпарат қоса беріледі.

    Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі.

    Егер құжат (диплом/сертификат) және оған қосымшалар шет тілінде болса, белгіленген тәртіппен нотариат куәландырған қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.

    4) еңбек кітапшасының көшірмесі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударымдардың бүкіл кезеңіндегі аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелер.

    Мемлекеттік қызметшілер үшін «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім.

    Қажет болған жағдайда, кандидат кандидаттың функционалдық міндеттеріне сәйкес салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.

    5) бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктілік берілгені туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

    6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білімді растау жөніндегі ұйым берген мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін білімді растау жөніндегі құжаттардың көшірмесі;

    7) жеке деректердің (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі;

    8) 3x4 көлеміндегі 1 (бір) фотосурет (жеке іске);

    9) осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы өтініш;

    10) жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін мемлекеттік аудитор сертификатының көшірмесі;

    11) осы Қағидалардың 41-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген халықаралық кәсіби біліктіліктердің бірін иелену туралы құжаттың көшірмесі.

    Осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қолымен және мөрімен (мөртабанымен) куәландырылған не нотариат куәландырған нысанда ұсынылады.

    Құжат тігілетін папкада барлық құжат бекітіледі, оның беткі жағында: осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша №__ жеке іс, көрсетілетін қызметті алушының аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, ресімделу күні көрсетіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген кезде өтелмеген немесе заңнамада белгіленген тәртіппен алынбаған сотталғандығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;

    46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «46. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың және көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 38, 40, 41, 43 және 60-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады.

    Тізбенің 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болған жағдайда, Кодекстің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

    Қарау нәтижелері бойынша әңгімелесуге жіберу не Ұлттық комиссияда әңгімелесуге жіберуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданады.

    Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды қайта беруге тыйым салуға әкеп соқпайды.»;

    47-тармақ алып тасталсын;

    51, 52, 53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «51. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 38, 40, 41, 43 және 60-тармақтарында және Тізбенің 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Ұлттық комиссияға әңгімелесуге жіберіледі және көрсетілетін қызметті беруші өтініштің тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оған Ұлттық комиссияға әңгімелесуге жіберу туралы хабарламаны телефон байланысы арқылы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарлама жолдау арқылы жібереді.

    52. Көрсетілетін қызметті алушылардың кезектілігі олардың өтініштерін ақпараттық жүйеде тіркелген күні мен нөміріне қарай айқындалады.

    Ұлттық комиссия туралы ережеге сәйкес Ұлттық комиссияның отырыстары тоқсанына кемінде 1 (бір) рет өткізіледі.

    53. Көрсетілетін қызметті беруші әңгімелесу өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей әңгімелесу өткізілетін орынды, күнді және уақытты көрсете отырып, әңгімелесуге жіберілген адамдардың тізімін өзінің интернет-ресурсына орналастырады, көрсетілетін қызметті алушыға телефон байланысы арқылы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарлама жіберу арқылы хабарлайды, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер әрбір көрсетілетін қызметті алушы бойынша қорытынды дайындайды.

    54. Көрсетілетін қызметті алушы Ұлттық комиссияға әңгімелесуге келмеген жағдайда, оның өтініші қараусыз қалады және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға жатады.»;

    59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «59. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы не тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тарту туралы Ұлттық комиссияның шешімі.

    Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

    60. Ұлттық комиссияда әңгімелесу қорытындысы бойынша теріс нәтиже алған көрсетілетін қызметті алушы осы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) айдан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қайта тапсырады.»;

    60-1-тармақ алып тасталсын;

    62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «62. Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаттарын беруді есепке алу журналы бойынша көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне не сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі.

    Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатының бланкісін үйлестіруді, сақтауды, есепке алуды және пайдалануды көрсетілетін қызметті берушінің Ұлттық комиссия қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.»;

    64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «64. Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге оның телнұсқасын алу туралы өтініш жолдайды.

    Көрсетілетін қызметті беруші тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатының телнұсқасын берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жоғалған, бүлінген, зақымданған сертификаттардың жарамсыздығы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

    65. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға не сенімхат бойынша оның өкіліне телнұсқа беру туралы өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде «телнұсқа» деген мөртаңба қойып, тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізіліміне тиісті толықтырулар енгізе отырып, тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатының телнұсқасын беруді жүзеге асырады.»;

    71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «71. Тізбенің 10-тармағының 5), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген адамдарды қоспағанда, Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарып алынған адамдар тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын алу үшін Ұлттық комиссияның тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатты қайтарып алу туралы шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жыл өткен соң осы Қағидалардың 43-тармағында және Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қайта бере алады.»;

    1-қосымша осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    3-қосымша алып тасталсын;

    5-қосымша осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    6-1-қосымша осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    7-қосымша осы нормативтік қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Жоғары аудиторлық палатаның Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

    4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы

    А. Смаилов

    Қазақстан Республикасының

    Жоғары аудиторлық палатасының

    2024 жылғы 19 сәуірдегі

    № 8-НҚ Нормативтік қаулыға

    1- қосымша

    Мемлекеттік аудитор біліктілігін

    иеленуге үміткер адамдарды

    сертификаттау қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Білімді растау жөніндегі

    ұйым____________________

    (өтініш берушінің аты, әкесінің аты

    (болған жағдайда), тегі)

    ӨТІНІШ

    Мемлекеттік аудитор біліктілігіне білімді растау жөніндегі біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

    Үйінің мекенжайы, жұмысының/үйінің және ұялы телефондарының нөмірі:______________________________________________________________

    Электрондық поштасының мекенжайы:______________________________

    Осы өтінішке жеке куәлігімнің көшірмесін қоса беріп отырмын.

    Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларымен таныстым және олармен келісемін.

    Толтырылған күні: 20___жылғы «____» ________ ________________ (қолы)

    Қазақстан Республикасының

    Жоғары аудиторлық палатасының

    2024 жылғы 19 сәуірдегі

    № 8-НҚ Нормативтік қаулыға

    2- қосымша

    Мемлекеттік аудитор біліктілігін

    иеленуге үміткер адамдарды

    сертификаттау қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік аудитор біліктілігін

    иеленуге үміткер адамдарды

    сертификаттау жөніндегі

    ұлттық комиссия

    ________________________

    ________________________

    (өтініш берушінің аты, әкесінің аты

    (болған жағдайда), тегі)

    ӨТІНІШ

    _________________________________________________________________________________________ (деңгейін (мемлекеттік аудитор/жоғары санатты мемлекеттік аудитор) көрсету) біліктілігі сертификатын беруіңізді сұраймын. Нақты тұратын мекенжайы, үйінің және ұялы телефондарының № _____________________________________________________________________________________________ Электрондық поштасының мекенжайы: ______________________________________________________ Осы өтінішке мыналарды қоса беріп отырмын:

    ("белгімен" көрсету)

    жеке куәліктің көшірмесі;

    жоғары білімінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

    еңбек өтілі бар адамдар үшін еңбек кітапшасының көшірмесі;

    мемлекеттік қызметшілер үшін «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;

    аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;

    бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктілікті иелену туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

    жеке деректердің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

    мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білімді растау жөніндегі ұйым берген білімді растау жөніндегі құжаттардың көшірмесі;

    жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін мемлекеттік аудитор сертификатының көшірмесі;

    осы Қағидалардың 41-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген халықаралық кәсіби біліктіліктердің бірін иелену туралы құжаттың көшірмесі;

    3x4 көлеміндегі 1 (бір) фотосурет (жеке іске);

    «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы өтініш.

    Осымен:

    Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларымен танысқанымды және олармен келісетінімді;

    қоса берілген барлық құжаттың шындыққа сәйкес келетінін және жарамды екенін растаймын.

    Толтырылған күні: 20___жылғы «_____» _____________________ (қолы)

    Қазақстан Республикасының

    Жоғары аудиторлық палатасының

    2024 жылғы 19 сәуірдегі

    № 8-НҚ Нормативтік қаулыға

    3-қосымша

    Мемлекеттік аудитор біліктілігін

    иеленуге үміткер адамдарды

    сертификаттау қағидаларына

    6-1-қосымша

    «Мемлекеттік аудитор сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Мем­ле­кет­тік ауди­тор сер­ти­фи­ка­тын бе­ру
    2
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жо­ға­ры ауди­тор­лық па­ла­та­сы
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Өті­ніш­ті қа­был­дау Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ға­ры ауди­тор­лық па­ла­та­сы­ның кең­се­сі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    6 (ал­ты) ай ішін­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Қа­ғаз тү­рін­де
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Мем­ле­кет­тік ауди­тор сер­ти­фи­ка­тын бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден дәлел­ді түр­де бас тар­ту
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    8
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 8.30-дан 17.30-ға дей­ін, түс­кі ас­қа үзі­ліс са­ғат 12.30-дан 13.30-ға дей­ін.
    Құ­жат­тар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 12.30-дан 13.30-ға дей­ін түс­кі ас­қа үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.00-ге дей­ін қа­был­да­на­ды.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан сұ­ра­ты­ла­тын құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша кан­ди­дат үміт біл­дір­ген ти­іс­ті дең­гей­де­гі мем­ле­кет­тік ауди­тор бі­лік­ті­лі­гі көр­се­ті­л­ген өті­ніш;
    2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі;
    3) жо­ға­ры бі­лі­мі­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тың қо­сым­ша­ла­ры­мен бір­ге кө­шір­ме­сі.
    Ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да ал­ған бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­ріне «Бо­ла­шақ» ха­лы­қа­ра­лық сти­пен­ди­я­сын ие­ле­ну­ші­нің ше­тел­дік жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры, ғы­лы­ми ор­та­лық­та­ры мен зерт­ха­на­ла­ры бер­ген, сон­дай-ақ өза­ра та­ну және ба­ла­ма­лы­лы­ғы ту­ра­лы ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың (ке­лі­сім­нің) қол­да­ны­лу ая­сы­на жа­та­тын бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бер­ген осы бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну неме­се но­стри­фи­ка­ци­я­лау ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­дің кө­шір­ме­ле­рі қо­са бе­рі­ле­ді.
    Бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­ріне «Ха­лы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­лар ор­та­лы­ғы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы бер­ген «Бо­ла­шақ» ха­лы­қа­ра­лық сти­пен­ди­я­сы сти­пен­ди­ан­ты­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат қо­са бе­рі­ле­ді.
    Өза­ра та­ну және ба­ла­ма­лы­лы­ғы ту­ра­лы ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың (ке­лі­сім­нің) қол­да­ны­лу ая­сы­на жа­та­тын бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­ріне бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бер­ген бі­лім ту­ра­лы осы құ­жат­тар­ды та­ну ту­ра­лы анық­та­ма­лар­дың кө­шір­ме­ле­рі қо­са бе­рі­ле­ді.
    Егер құ­жат (ди­плом/сер­ти­фи­кат) және оған қо­сым­ша­лар шет ті­лін­де бол­са, бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған қа­зақ және (неме­се) орыс ті­лін­де­гі аудар­ма­сы ұсы­ны­ла­ды.
    4) ең­бек кі­тап­ша­сы­ның кө­шір­ме­сі, бі­рың­ғай жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры­нан ауда­рым­дар­дың бү­кіл ке­зе­ңін­де­гі ауда­ры­л­ған мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме­лер.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер үшін «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті өт­ке­ру­дің кей­бір мә­се­ле­ле­рі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі агент­ті­гі Тө­ра­ға­сы­ның 2021 жы­л­ғы 10 қыр­күй­ек­те­гі № 158 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 24350 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес ре­сім­дел­ген қыз­мет­тік ті­зім;
    5) бух­гал­тер­лік есеп, аудит және қар­жы са­ла­сын­да ұлт­тық неме­се ха­лы­қа­ра­лық кә­сі­би бі­лік­ті­лік бе­рі­л­ге­ні ту­ра­лы құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (болған жағ­дай­да);
    6) осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бі­лім­ді рас­тау жө­нін­де­гі ұй­ым бер­ген мем­ле­кет­тік ауди­тор бі­лік­ті­лі­гін ие­ле­ну­ге үміт­кер адам­дар үшін бі­лім­ді рас­тау жө­нін­де­гі құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­сі;
    7) же­ке де­ректер­дің (аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), те­гі) өзгер­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі;
    8) 3x4 кө­ле­мін­де­гі 1 (бір) фо­то­су­рет (же­ке іс­ке);
    9) осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша дер­бес де­ректер­ді жи­на­у­ға және өң­де­у­ге ке­лі­сім бе­ру ту­ра­лы өті­ніш;
    10) жо­ға­ры са­нат­ты мем­ле­кет­тік ауди­тор бі­лік­ті­лі­гін ие­ле­ну­ге үміт­кер адам­дар үшін мем­ле­кет­тік ауди­тор сер­ти­фи­ка­ты­ның кө­шір­ме­сі;
    11) осы Қа­ғи­да­лар­дың 41-тар­ма­ғы­ның 3) және 4) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген ха­лы­қа­ра­лық кә­сі­би бі­лік­ті­лік­тер­дің бі­рін ие­ле­ну ту­ра­лы құ­жат­тың кө­шір­ме­сі.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алушы­ның өті­ніш бер­ген кез­де өтел­ме­ген неме­се заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы, сон­дай-ақ сы­бай­лас жем­қор­лық құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    10
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
    4) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бо­лып, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
    7) сы­бай­лас жем­қор­лық құқық бұ­зу­шы­лы­ғын жа­са­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты;
    8) өті­ніш бе­ру сәт­ін­де заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лық­тың бо­луы;
    9) Ұлт­тық ко­мис­си­я­ның ти­іс­ті дең­гей­де­гі мем­ле­кет­тік ауди­тор бі­лік­ті­лі­гін бе­ру­ден бас тар­туы.
    10) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Ұлт­тық ко­мис­си­я­ға әң­гі­ме­ле­су­ге кел­ме­уі.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ға­ры ауди­тор­лық па­ла­та­сы­ның www.​esep.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ор­ны: Аста­на қа­ла­сы, Мәң­гі­лік Ел даң­ғы­лы, 8, 10-кі­ре­бе­ріс.

    Қазақстан Республикасының

    Жоғары аудиторлық палатасының

    2024 жылғы 19 сәуірдегі

    № 8-НҚ Нормативтік қаулыға

    4-қосымша

    Мемлекеттік аудитор біліктілігін

    иеленуге үміткер адамдарды

    сертификаттау қағидаларына

    7-қосымша

    нысан

    Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге көрсетілетін қызметті алушы туралы ҚОРЫТЫНДЫ

    1. Жалпы мәліметтер&

    1) А.Ә.(болған жағдайда), Т.;

    2) лауазымы, жұмыс орны;

    3) мемлекеттік аудитор (мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор) біліктілігі;

    4) туған күні (күні, айы, жылы);

    5) білімі туралы мәліметтер;

    6) наградалары мен көтермелеулері (болған жағдайда);

    7) жалпы өтілі (осы Қағидалардың 40 және 41-тармақтарында белгіленген);

    8) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарындағы жалпы өтілі (болған жағдайда);

    9) әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер, сондай-ақ тәртіптік жазалар туралы мәліметтер (болған жағдайда).

    2. Білімін растаудан өту нәтижелері туралы ақпарат.

    Дайындалған күні: _______________

    Ұлттық комиссия хатшысының қолы: ___________________________ (А.Ә. (болған жағдайда), Т., қолы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.