Ақсуат ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының « Тұрғын үй қатынастары туралы » Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсуат ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Ақсуат ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Ж. Оразгалиев
Ақсуат аудандық мәслихатының
2024 жылғы 8 сәуірдегі
№ 14/15-VIII шешіміне
1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасының 10%, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Ақсуат аудандық мәслихатының
2024 жылғы 8 сәуірдегі
№ 14/15-VIII шешіміне
2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
|
№
|
Атауы
|
|
1
|
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
|
|
2
|
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
|
|
3
|
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар
|
|
4
|
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
|
|
5
|
Ұлы Отан соғысының ардагерлері
|
|
6
|
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер
|
|
7
|
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер
|
|
8
|
Қандастар
|
|
9
|
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар
|
|
10
|
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары
|
|
11
|
Толық емес отбасылар
|
|
12
|
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері
|
|
13
|
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.