Қызылорда қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 сәуір 2024 ж.

    Қызылорда қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы

    Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 - бабына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қызылорда қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

    интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу кезінде – 85 (сексен бес) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 130 (жүз отыз) теңге.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда қаласы әкімінің міндетін атқарушы

    Ғ. Еркебай

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қызылорда қалалық

    мәслихаты

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.