«Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 сәуір 2024 ж.

    «Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

    көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2017 жылғы 29 желтоқсандағы

    № 918 қаулысына

    2-қосымша

    Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

    Р/с №
    Екін­ші са­нат­та­ғы рұқ­сат­тар
    Уәкі­лет­ті ор­ган
    Ке­лі­су­ші мем­ле­кет­тік ор­ган
    1.
    Теңiз­де­гі объ­ек­ті­лер­ді құ­ру­ға және ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ре­сур­ста­ры және ир­ри­га­ция ми­ни­стр­лі­гі­нің Су ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уiп­сiздiк ко­ми­тетiнiң Ше­ка­ра қыз­метi
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі
    _______________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.