Байзақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 желтоқсан 2023 ж.

    Байзақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Байзақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Байзақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Б. Ақбаев

    Байзақ аудандық мәслихатының

    2023 жылғы «28» желтоқсандағы

    № 17-4 шешіміне 1-қосымша

    Байзақ ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

    Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
    Есептік бірлік
    1 есептік бірлікке жылдық норма, м3
    1
    Жайлы үйлер
    1 тұрғын
    0,8
    Жайлы емес үйлер
    1 тұрғын
    0,85
    2
    Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
    1 орын
    0,85
    3
    Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
    1 орын
    0,75
    4
    Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
    1 орын
    0,27
    5
    Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
    1 қызметкер
    0,72
    6
    Емханалар, медициналық орталықтар
    1 келіп кету
    0,0005
    7
    Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
    1 төсек-орын
    0,92
    8
    Мектептер және өзге де оқу орындары
    1 оқушы
    0,1
    9
    Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
    1 отыратын орын
    0,5
    10
    Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
    1 отыратын орын
    0,17
    11
    Мұражайлар, көрмелер
    жалпы алаңы 1 м2
    0,05
    12
    Стадиондар, спорт алаңдары
    жоба бойынша 1 орын
    0,03
    13
    Спорт, би және ойын залдары
    жалпы алаңы 1 м2
    0,07
    14
    Азық-түлік және өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер
    сауда алаңы 1 м2
    0,35
    15
    Машиналардан сату
    сауда орнының 1 м2
    0,23
    16
    Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
    сауда алаңы 1 м2
    0,2
    17
    Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
    жалпы алаңы 1 м2
    0,3
    18
    Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
    жалпы алаңы 1 м2
    0,5
    19
    Вокзалдар, автовокзалдар, әуежай
    жалпы алаңы 1 м2
    0,4
    20
    Жағажайлар, жолдардан көше сметалары
    жалпы алаңы 1 м2
    0,5
    21
    Дәріханалар
    сауда алаңы 1 м2
    0,18
    22
    Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС
    1 машина-орын
    1,17
    23
    Автомобиль шеберханалары
    1 жұмысшы
    0,98
    24
    Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
    1 гаражға
    0,1
    25
    Шаштараздар, косметикалық салондар
    1 жұмыс орны
    1,21
    26
    Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
    жалпы алаңы 1 м2
    0,18
    27
    Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
    жалпы алаңы 1 м2
    0,2
    28
    Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
    1 жұмыс орны
    0,16
    29
    Моншалар, сауналар
    жалпы алаңы 1 м2
    0,07
    30
    Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары
    1000 қатысушы
    0,03
    31
    Бау-бақша кооперативтері
    1 учаске
    1,5
    * Ескертпе:
    м2 – шаршы метр.
    м3 – текше метр.

    Байзақ аудандық мәслихатының

    2023 жылғы «28» желтоқсандағы

    №17-4 шешіміне 2-қосымша

    Байзақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

    Атауы
    Есептік бірлік
    Теңге (қосылған құн салығынсыз)
    1
    Жайлы үйлер
    1 тұрғын айына
    125
    2
    Жайлы емес үйлер
    1 тұрғын айына
    132
    3
    Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
    1 м3
    1868
    * Ескертпе:
    м3 – текше метр.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.