Шектеу шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7- тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 наурызда № 10414 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №08-02-07/146 ұсынысына сәйкес, Шұбарсу ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округіне қарасты «Цементник-2» алабы, Сарайшық көшесі № 7/198 үйдің уақ малы «Құтыру» ауруына оң нәтиже беруіне байланысты, «Цементник-2» алабы, Сарайшық, Пістелі, Орал және Жастабан көшелеріне шектеу іс-шаралары енгізілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ауыл округі әкімі

    А.Турсунбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.