Жаңабазар ауыл округі, Тілектес және Қарабастау елді мекендерінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 02-05/119 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Жаңабазар ауылы округі, Тілектес елді мекені З.Бостанов көшесі № 120 үйдің төрт бас уақ малының бас миының және З.Бостанов көшесі № 45 үйдің бір бас жылқы малының бас миы сынамасы «құтыру» ауруына «оң» нәтиже көрсетуіне байланысты, Тілектес елді мекен аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Жаңабазар ауылы округі, Қарабастау елді мекені Р.Төленді көшесі № 134 үйдің тұрғыны Ж.Айтқұловтың бір бас ірі қара малының бас миы сынамасы «құтыру» ауруына «оң» нәтиже көрсетуіне байланысты, Қарабастау елді мекен аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі
А.Акжолов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.