Аягөз ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 2 «Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Аягөз ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 2 «Аягөз ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 28 наурызда № 194850 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі
Қ. Әділбай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.