Аудан әкімдігінің қаулыларын күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 және 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы №475 «2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулының күші жойылсын деп танылсын.
2. Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №500 «2023 жылға мүгедектігі бар азаматтарды квота бойынша жұмысқа орналастыру үшін мекемелер мен кәсіпорындардың тізімін бекіту туралы» қаулының күші жойылсын деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Әуесбайға жүктелсін.
Аудан әкімі
Б.Қарасаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.