Исатай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 сәуір 2024 ж.

    Исатай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 33110 санымен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайыз мөлшерінде ставка бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    А. Рахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.