Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 сәуір 2024 ж.

    Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

    Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы

    И. Теренченко

    Павлодар облыстық

    мәслихатының 2024 жылғы

    11 сәуірдегі № 121/11

    шешіміне қосымша

    Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

    Р/с №
    Арнайы су пайдалану түрлері
    Өлшем
    бірлігі
    Төлемақы мөлшерлемелері, теңге
    1
    Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер
    1000 текше метр
    208,41
    2
    Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
    1000 текше метр
    1197,56
    3
    Ауыл шаруашылығы
    1000 текше метр
    337,43
    4
    Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
    1000 текше метр
    337,43
    5
    Су көлігі
    1000 тонна шақырым
    46,31

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.