Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 сәуір 2024 ж.

    Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы

    Н. Құрман

    Атырау қаласының

    Мәслихатының 2024 жылғы

    12 сәуірдегі № 104 шешіміне

    қосымша

    Атырау қаласы Мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. Атырау қалалық Мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 228 «Атырау қаласының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4183 болып тіркелген);

    2. Атырау қалалық Мәслихатының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 388 «Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 228 «Атырау қаласының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4479 болып тіркелген);

    3. Атырау қалалық Мәслихатының 2021 жылғы 11 қазандағы № 101 «Атырау қалалық Мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 228 «Атырау қаласының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.