Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 12 сәуірдегі №08-02-07/93 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, С.Еспенбетов көшесі №5 тұрғын үйдің аумағында бір бас мысықтың басынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық округінің әкімі
А.Елібаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.