Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 15-12/68 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі Докучаев ауылының «Атамекен-Агро-Тимирязево» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі
С. Розумов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.