Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 сәуір 2024 ж.

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Д. Батырбаев

    КЕЛІСІЛДІ:

    Риддер қалалық мәслихатының

    төрағасы

    Е. Нужных

    2024 жылғы «___» ____________

    2024 жылғы 9 сәуірдегі

    № 287 қаулысына

    қосымша

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

    1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

    2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: клуб басшысы, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы, кітапханашы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.