Қаражал қаласы Шалғы кентінің кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 12 қаңтардағы қорытындысына сәйкес, Қаражал қаласы Шалғы кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау облысы Қаражал қаласы Шалғы кентінің келесі көшелері:
1) Карл Маркс көшесі – Қазына көшесі;
2) Фрунзе көшесі – Байқоныс көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалғы кентінің әкімі
Т.Ерденов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.