Шектеу іс-шараларын алу және Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 9 шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 сәуір 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын алу және Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 9 шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 02-08-03/70 ұсынысы негізінде, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қарауылкелді ауылы Д.Қонаев көшесі № 30 үй 1 пәтердің мүйізді ірі-қара малдары арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

    2. Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 9 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі

    А. Ергалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.