Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 сәуір 2024 ж.

    Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

    Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8402 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

    8 тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын :

    «жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы; пробация қызметінің есебінде болу-адамның (отбасының) ең төмеңгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып біржолғы 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі»;

    8 тармақ 4) тармақшамен толықтырылсын:

    «4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, босатылған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей табыс есебінсіз жүгінген адамдарға біржолғы 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде»;

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы

    С. Бигеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.