Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2024 жылғы 08 сәуірдегі № 01-12/152 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Аягөз ауданының Айғыз ауылдық округінің Айғыз ауылының және М.Нұрғалиевтің «Айдын» шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Айғыз ауылдық округінің әкімі
М. Сыдыков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.