Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 сәуір 2024 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19, 69 баптарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылына дейін әуе электр желісін жүргізу үшін және «Өзенинвест» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына дейін талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін жалпы көлемі 19,8556 гектар, оның ішінде 13,1258 гектар, 6,7298 гектар (0,9631 гектар 13-201-012 – квартал, 3,0597 гектар 13-201-005 – квартал, 2,7070 гектар 13-201-006 – квартал) жер учаскесін «Ak Su KMG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Бектегенов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Шалабаевқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Ж. Қайнарбаев

    Жаңаөзен қаласының әкімдігінің

    2024 жылғы «11» сәуір

    №183 қаулысына қосымша  

    Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

    Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары
    Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га
    1
    Теңге ауылына дейін
    13,1258
    2
    «Өзенинвест» шаруаылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына дейін
    6,7298
    Барлығы
    19,8556

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.