Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі
Е. Степаненко
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 4 сәуірдегі
№ 92 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
1. «Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет» консультативтік-кеңесші органын кұру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 173 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1362 болып тіркелді).
2. «2005-2007 жылдарға арналған Мамлют ауданының тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды бакылау жөнінде комиссия құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 185 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1561 болып тіркелді).
3. «Солтүстік Қазакстан облысы Мамлют ауданының Дубровное селолық округінің Дубровное селосы аумағындағы жоғары патогенді құс тұмауы бойынша шектелген іс-шараларды және карантин тәртібін енгізуге байланысты карантин зонасының ветеринарлық тәртібін белгілеу туралы»Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № 496 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-10-13 болып тіркелді).
4. «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және облыстық, аудандық мәслихаттарының депутаттарына үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындары туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-10-48 болып тіркелді).
________________________________________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.