Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы «Талдықорған қаласының аумағында орналасқан ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» № 15-89 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 сәуір 2024 ж.

    Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы «Талдықорған қаласының аумағында орналасқан ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» № 15-89 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қаңтардағы «Талдықорған қаласының аумағында орналасқан ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» № 15-89 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешім келесі мазмұндағы 1-1- тармақпен толықтырылсын:

    «1-1. Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес Еркін ауылдық округінің және 3-қосымшасына сәйкес Өтенай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.»;

    көрсетілген шешім 2,3- қосымшалармен толықтырылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы

    Т. Ахажан

    Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 19-116 шешіміне 2- қосымша

    Еркін ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

    Елді мекеннің атауы
    Өкілдерінің саны (адам)
    Еркін ауылдық округі
    Еркін ауылы
    3
    Көктал елді мекені
    3
    3 – ші бөлімше
    3

    Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 19-116 шешіміне 3- қосымша

    Өтенай ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

    Елді мекеннің атауы
    Өкілдерінің саны (адам)
    Өтенай ауылдық округі
    Өтенай ауылы
    3
    Еңбек ауылы
    3
    Мойнақ ауылы
    3
    Ынтымак ауылы
    3
    Пригордное ауылы
    3

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.