«Сайлау науқандары кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 сәуір 2024 ж.

    «Сайлау науқандары кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Сайлау науқандары кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3885 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;

    1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    қаулының төменгі сол жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Келісілді» Риддер қалалық сайлау комиссиясы».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Д. Батырбаев

    «Келісілді»

    Риддер қалалық сайлау

    комиссиясы

    2024 жылғы 5 сәуірдегі

    № 271 қаулысына

    қосымша

    Риддер қаласы әкімдігінің

    2015 жылғы 18 наурыздағы

    № 340 қаулысына

    қосымша

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Елді мекеннің атауы
    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
    1
    Риддер қаласы
    Индустриальная көшесі 13а, «Виктория» дүкені ғимаратының жанында
    2
    Риддер қаласы
    Киров көшесі 26, автостанция ғимаратына қарама – қарсы
    3
    Риддер қаласы
    Тәуелсіздік даңғылы 24, «Каратай» дүкені ғимаратының жанында
    4
    Риддер қаласы
    Қонаев көшесі 40, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ғимаратының жанында
    5
    Риддер қаласы
    Гоголь көшесі 39г, «Большая аптека» ғимаратының жанында
    6
    Риддер қаласы
    Үшінші шағын ауданы 5/1, «Ассорти вкуса» дүкенінің жанында
    7
    Риддер қаласы
    Төртінші шағын ауданы 2, «Гастроном» дүкені ғимаратының жанында
    8
    Риддер қаласы
    Рощин көшесі 20, дәріхана ғимаратының жанында
    9
    Риддер қаласы
    Абай даңғылы 73б, «Услада» дүкені ғимаратының жанында
    10
    Үлбі кенті
    Шоссейная көшесі 89, «№ 36» дүкені ғимаратының жанында
    11
    Үлбі кенті
    Дрейман көшесі 6, «Арника» дүкені ғимаратының жанында
    12
    Пригородное ауылы
    Совхозный шағын ауданы 8, «Любава» дүкені ғимаратының жанында

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.