Шектеу шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7- тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 наурызда № 10414 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 03 сәуірдегі №08-02- 07/125 ұсынысына сәйкес, Қараспан ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округіне қарасты Батырата елді мекені, Жандосов көшесі №3 үйдің мүйізді ірі қара малы «Құтыру» ауруына оң нәтиже беруіне байланысты, шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі
Н.Умаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.