Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 сәуір 2024 ж.

    Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

    2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Әкім

    Ж. Қасымбек

    Әкімнің бірінші орынбасары

    Н. Нұркенов

    Астана қаласы әкімінің орынбасары

    Е. Байкен

    Астана қаласы әкімінің орынбасары

    Е. Глотов

    Астана қаласы әкімінің орынбасары

    Е. Өтебаев

    «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Д. Ешкеев

    «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Ә. Жұмаев

    «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Қ. Маңқараев

    «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары

    Ж. Шаукентаев

    «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

    Т. Мусин

    «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Қ. Сенғазыев

    Астана қаласы әкімдігінің

    2024 жылғы «__» _______

    № _________ қаулысына

    қосымша

    Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

    Р/с
    Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие және оқы­ту ұй­ым­да­рын­да­ғы тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің са­ны
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге ай­ы­на жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар­дың ор­та­ша құ­ны (тең­ге)
    Бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге бір ай­ға ата-ана тө­ле­ма­қы­сы­ның мөл­ше­рі (тең­ге)
    (5, 6, 7 ба­ған­дар­да көр­се­ті­л­ген тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­ді қо­с­па­ған­да)
    Мем­ле­кет­тік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым
    Же­ке­мен­шік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым
    Ша­ғын ор­та­лық
    Са­на­то ри­я­лық мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    1. Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы тү­зе­ту және ин­клю­зив­ті топ­тар.
    2. Тү­зе­ту (ар­найы) мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы жал­пы бі­лім бе­ре­тін топ­тар және то­лық күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық­тар
    Жар­ты күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық
    Са­на­то ри­я­лық мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    1. Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы тү­зе­ту және ин­клю­зив­ті топ­тар.
    2. Тү­зе­ту (ар­найы) мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    Мем­ле­кет­тік, же­ке­мен­шік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым және то­лық күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық
    то­лық күн бо­ла­тын
    жар­ты күн бо­ла­тын
    3 жас­қа дей­ін
    3-6 жастан
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    1.
    22 535
    45 547
    813
    4 398
    370
    1712
    54 506
    24 018
    81 598
    98 103
    19 700
    20 800
    ___________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.