«Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 наурыз 2024 ж.

    «Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Астана қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    жоғарыда аталған шешімнің қосымшасында преамбуласы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

    «Осы Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 18-бабының 22) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес әзірленді.».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Астана қаласы мәслихатының төрағасы

    Е. Каналимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.