Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 наурыз 2024 ж.

    Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Астана қаласында шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында әрбір тәулік үшін болу құнынан туристік жарна мөлшерлемелері 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Астана қаласы мәслихатының төрағасы

    Е. Каналимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.