Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 наурыз 2024 ж.

    Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 66/9-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23923 болып тіркелді);

    2) «Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 66/9-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 242/32-VII шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30195 болып тіркелді).

    2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Астана қаласы мәслихатының төрағасы

    Е. Каналимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.