Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 наурыз 2024 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

    Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 569-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген) бекітілген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесінің негізінде, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы

    В. Бубенко

    Солтүстік Қазақстан

    облыстық мәслихатының

    2024 жылғы 29 наурыздағы

    № 12/5 шешіміне

    қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

    Р/с
    Өзен, көл, те­ңіз бас­сейн­де­рі
    Ар­найы су пай­да­ла­ну тү­рі
    Өл­шем бір­лі­гі
    Тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­ле­рі, тең­ге
    1
    Есіл өзе­ні­нің бас­сей­ні
    Тұр­мыстық-пай­да­ла­ну және ком­му­нал­дық қыз­мет­тер
    тең­ге/1000 тек­ше метр
    203,34
    2
    Өнер­к­ә­сіп, жы­лу энер­ге­ти­ка­сын қо­са ал­ған­да
    тең­ге/1000 тек­ше метр
    563,36
    3
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы
    тең­ге/1000 тек­ше метр
    160,01
    4
    Су көз­де­рі­нен су тар­ту­ды жү­зе­ге асы­ра­тын то­ған ша­ру­а­шы­лық­та­ры
    тең­ге/1000 тек­ше метр
    160,01
    5
    Гид­ро­энер­ге­ти­ка
    тең­ге/1000 ки­ло­ватт/
    са­ғат
    56,67
    6
    Су кө­лі­гі
    тең­ге/1000 кө­лік­тік ки­ло­метр
    16,67

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.