Шақыру жасына жеткен азаматтарды 2001 жылдың күзенде кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 29 бабының 11 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» 2001 жылғы 28 қыркүйектегi № 688 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13, 14, 28, 35 баптары негiзiнде ШЕШIМ ЕТЕМIН:
1. Облыстық әскери комиссариат (Мұқатаев) 2001 жылдың қазан-желтоқсанында шақыру кезiнде жасы 18-ге толған, сондай-ақ шақырудан қалдыру құқығы өткен азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақырсын және оларды белгiленген мерзiмде әскерге жөнелтсiн.
2. Облыстық шақыру комиссиясы N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi:
1) өздерiнiң шешiмдерiмен мынадай құрамда шақыру комиссияларын құрсын:
комиссия төрағасы - қала (аудан) әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары - қалалық (аудандық) әскери комиссар, комиссия мүшелерi - қалалық (аудандық) iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлi, дәрiгер қызметкерлерi жұмыстарының басшысы және комиссия хатшысы;
2) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезiнде әскери комиссариаттарға дәрiгерлiк тексеру жүргiзу үшiн жабдықталған ғимараттар, қажеттi мөлшерде қызмет көрсететiн персонал мен техникалық қызметшiлер, сондай-ақ шақырылушыларды жинақтау пункттерiне әкелу үшiн автокөлiктер бөлсiн;
3) азаматтардың шақыру комиссияларында дәрiгерлiк тексеруден өтуi үшiн әскери комиссариаттарға келуiн және оларды әскери бөлiмдерге баруы үшiн жинақтау пункттерiне жөнелтудi қамтамасыз етудiң қажеттi шараларын алсын;
4) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезiнде шақыру (жинақтау) пункттерiндегi жұмыстарға бөлiнген шақыру комиссиясы мүшелерiнiң, техникалық қызметшiлер мен қызмет көрсететiн қызметшiлердiң негiзгi жұмыс орындарындағы орташа жалақысын сақтасын.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен оқу орындары басшылары меншiктiң нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан азаматтарды шақыру пункттерiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн, мерзiмдi әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын.
5. Күзгi шақыру кезiнде облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның құрамы бекiтiлсiн (№ 2 қосымша).
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов):
1) шақыру кезiнде қажеттi мөлшерде жоғары бiлiктi тәжiрибелi дәрiгер мамандар, медбикелер бөлсiн және облыстың қалалық, аудандық әскери комиссариаттарының шақыру пункттерiнiң кабинеттерiн медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 қаулысына сәйкес шақыру комиссиялары емдеу мекемелерiне жiберген шақырылушыларды стационарлық және амбулаториялық тексеруден өткiзудi қамтамасыз етсiн. Осы мақсаттар үшiн аудандарда 5-8 төсектiк, облыстық емдеу мекемелерiнде 30 төсекке дейiн орындар бөлсiн.
7. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Тыныбеков):
1) шақыру кезiнде облыстық жинақтау, қалалық және аудандық шақыру пункттерiнде, шақырылушылар жөнелтiлетiн темiр жол және автомобиль станцияларында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн;
2) жетi күн мерзiмде қылмыстық iс қозғалған шақырылушылар туралы Орал қалалық және аудандық комиссариаттарға хабарласын;
3) әскерге барудан қашып жүрген азаматтардың тұратын жерiн анықтау жөнiнде жедел топ құрсын.
8. Әдiлет басқармасы (Ахметов) шақырушылардың аты-жөнi, әкесiнiң аты өзгерсе немесе өлгенi жайлы тiркелсе әскери комиссариаттарға жетi күн мерзiм iшiнде хабарласын.
9. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) шақыру, азаматтарды әскери қызметке жөнелту және оларды дәрiгерлiк тексеруден өткiзу шараларын орындауға байланысты шығындарға облыстық мәслихаттың «2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2001 жылғы 17 қаңтардағы № 9/2 шешiмiне сәйкес облыстық бюджетте қаралған көлемде ақша қаражатын бөлсiн.
10. Облыстық әскери комиссар Г.К. Мұқатаев әскерге шақырудың барысы туралы облыс әкiмiне дер кезiнде хабарлап отырсын. Жиынтық хабарды 2002 жылдың 15 қаңтарына берсiн.
11. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсовке жүктелсiн.
Облыс әкiмiнiң мiндетiн атқарушы
А.Есенғалиев
Облыс әкiмiнiң міндетін
атқарушының 2001 жылғы 4 қазандағы
№ 211 шешіміне № 1 қосымша
Облыстық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Шавхат Әнесұлы Өтемiсов - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Геннадий Қадырұлы Мұқатаев - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Бүркiт Елемесұлы Жауымбаев - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Николай Борисович Дмитриенко - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Мәрия Мұқанқызы Жауымбаева - дәрiгерлiк комиссия төрағасының орынбасары
Анатолий Павлович Губанов - облыстық бiлiм басқармасы бастығының орынбасары
Маржан Балжұмақызы Мерғалиева - комиссия хатшысы
Комиссияның резервтiк құрамы:
Комиссия төрағасы - облыс әкiмiнiң орынбасары
Төрағаның орынбасары - облыстық әскери комиссардың орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Орынғали Мүбәрәкұлы Бисалиев - қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы
Қуаныш Қосаманұлы Орынбасаров - облыстық әскери комиссариатының 2-шi бөлiмiнiң бастығы
Сұлушаш Сатыбалдықызы Тоғжанова - комиссия хатшысы
Облыс әкiмiнiң міндетін
атқарушының 2001 жылғы 4 қазандағы
№ 211 шешiмiне № 2 қосымша
Күзгi шақыру кезеңiне арналған облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның ҚҰРАМЫ
Жанна Хайроллақызы Аслалиева - облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатры
Батырбек Идиатұлы Байдиев – «Талап» АҚ-ның көз аурулары дәрiгерi
Арон Ақмырзаұлы Бақтыгереев - облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның хирургi
Татьяна Николаевна Бутко - № 1 диагностикалық-кеңес беру поликлиникасының отоларингологi
Найля Болатқызы Ғұбашева - облыстық терi аурулары диспансерiнiң дерматологы
Олег Васильевич Глотов - облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның дәрiгер-рентгенологы
Гүлсiм Жасболатқызы Досанова - № 3 диагностикалық-кеңес беру поликлиникасының невропотологы
Зайдолла Қабенұлы Қабенов - облыстық өкпе аурулары диспансерiнiң фтизиаторы
Мария Ивановна Ключко - № 86717 әскери бөлiмi госпиталының терапевт-дәрiгерi
Гүлнар Сапарғалиқызы Мусағалиева - облыстық тiс емдеу орталығының дәрiгерi
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.