«Ақсуат ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялау туралы» Ақсуат ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 1 шешімінің күшін жою туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, 37-бабының 8-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 7 отырысының хаттамасына сәйкес, Ақсуат ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. «Ақсуат ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялау туралы» Ақсуат ауданы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы №1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Мұратқазыұлы Мауадиновке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
А. Смаилов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.