Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2) «Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларында:
16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, егер белгіленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның барысында объектінің конструкциялық схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалық шешімдеріне әсер ететін, инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін негізгі материалдарды және (немесе) бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, оған елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізді қажеттілігі туындаса түзетілуге, қайта сараптауға және қайта бекітуге жатады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) 655-бабының 3-тармағына сәйкес жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаны қайта қарауды жүргізу туралы мердігер өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюы себебінен мердігердің кінәсінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесінен артта қалушылық болмаған жағдайда шарт жасасу күніне келтірілген бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құны кемінде он пайызға ұлғайған кезде түзетуге жол беріледі.
Жобалау шешімдерін өзгертпестен құрылыстың сметалық құнын түзету құрылыс мердігерлік шарты жасалған күннен кейінгі алғашқы он екі айда жүргізілмейді.»;
16-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1. Жобалау-сметалық құжаттаманың құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген оның сметалық бөлімі жобалау шешімдерін өзгертпей түзетуге жатады.»;
17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Бюджеттік комиссияның қарауынсыз және ұсынысынсыз бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалар мен мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты есебінен іске асырылатын жобалар сметалық құнын ұлғайтуға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты есебінен іске асырылатын жобалардың құнын өзгерту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең - бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұсынатын құжаттар негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы не жоба бойынша инвестициялық ұсынысты түзетудің орындылығын айқындау жөніндегі тиісті бюджеттік комиссияның шешімі.
Екінші кезең - техникалық экономикалық негіздемені әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін жобаның түзетілген жобалау-сметалық құжаттамасын не жоба бойынша инвестициялық ұсыныс бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы тиісті бюджет комиссиясының шешімі.
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің бірінші кезеңінде жобаның ерекшелігіне қарай бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады:
1) бағаның болжамды сомасын көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысының – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі не оны алмастыратын адамның не әрбір жоба бойынша жеке уәкілеттік берілген адамның – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған хат;
2) мемлекеттік органның бірінші басшысы – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі не оны алмастыратын адам не әрбір жоба бойынша жеке уәкілеттік берілген адам- бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қол қойған түсіндірме жазбада келесідей ақпарат қамтылған:
- жобаларды іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджет шығыстарының негіздемесі;
- мемлекеттік сатып алуды жүргізу нәтижесінде үнемдеу сомасын көрсете отырып, жобаларды іске асыру (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және басқалар) шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат (егер үнемдеу болған жағдайда);
- жобаны әр жыл үшін бюджеттен қаржыландыру (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталғаннан бастап құрылыс үшін). Бұл ақпарат, егер бар болса, игерілмеу себептерін көрсете отырып, әр жыл үшін жоспар мен фактімен бірге жүреді;
- қымбаттауға әкелетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (Шартта көрсетілген бағадан (сметадан) асып кету қажеттігі туралы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің уақтылы ескертуін растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса);
- техникалық тексерумен және техникалық қадағалау актісімен расталған аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер;
3) ресми хат нысанында ұсынылатын, мемлекеттік органның бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның не мемлекеттік органның бірінші басшысының мөрмен расталған әрбір жоба бойынша жеке уәкілеттік берілген адамның қолы қойылған және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі түсіндірмелерін қоса бере отырып, жобаның сметалық құнын ұлғайтудың негізділігі мен дәйектілігін растайтын тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;
4) бастапқы құнына жобалау-сметалық құжаттамасының кешенді ведомстводан тыс сараптамасының қорытындысы;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда бастапқы құнға бұйрық;
6) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның атына жіберілген, жүргізіліп жатқан түзету туралы бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған хабарлама-хат.
Қайта түзету кезінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мәніне, сондай-ақ егер жоба бойынша құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмей қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы туралы актісі ұсынылады;
7) мемлекеттік органның бірінші басшысының – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі не оны алмастыратын адамның не әрбір жоба бойынша жеке уәкілеттік берілген адамның – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынылатын, құнын ұлғайтуды болжайтын жобалар бойынша салыстырмалы кесте мен құжаттаманың тізбесі;
8) Объектінің нақты жай-күйі туралы толық түсінік беретін, құжаттарды тапсыру күніне дейін 1 (бір) айдан ерте емес түсірілген материалдар, фотосуреттер немесе бейнетүсірілімдер;
9) бұрын бекітілген жобаның жобалау-сметалық құжаттамасының жобалық шешімдеріне енгізілетін болжамды өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптама хаты.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі екінші кезеңде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға түзетілген жобалау-сметалық құжаттама енгізеді:
- жобалау-сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының қорытындысы;
- салалық уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жобаның ерекшелігіне қарай тиісті бюджеттік комиссияның қарауына бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұсынған құжаттар негізінде түзетілген жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша жобаның құнын ұлғайтуды, сондай-ақ түзетілген жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын енгізеді.
Екінші кезеңде құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көзделетін жобалар құнының ұлғаюын қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
Тиісті бюджеттік комиссиялар іріктеп алған, құнын ұлғайтуды көздейтін жобалар бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушысының
2024 жылғы 4 сәуірдегі
№ 118 Бұйрыққа
қосымша
Қаржыландыру көздеріне қарамастан,
жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және көлік
коммуникацияларын салуға, сондай-ақ
бұрыннан барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта жарақтандыруға,
жаңғыртуға және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық
негіздемелерге және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді
сараптама жүргізу қағидаларына
4-2-қосымша
Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен жобалау-сметалық құжаттаманың құрылысты ұйымдастыру жобасында белгіленген жұмыстардың жоспарланған басталу күнінен бір жыл уақыт өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүргізілмеген және қаржыландыру көзделмеген жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасына ұсынылатын құжаттаманың (материалдардың) тізбесі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.