Түркістан қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 сәуір 2024 ж.

    Түркістан қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

    «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Түркістан қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

    1) электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде – 70 (жетпіс) теңге;

    2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге.

    2. Күші жойылды деп танылсын:

    1) Түркістан қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1894 «Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5341 тіркелген);

    2) Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 02 желтоқсандағы №1863 «Түркістан қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1894 «Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5926 тіркелген).

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

    Қала әкімі

    Н. Турашбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.