Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 02 сәуірдегі № 02-05/103 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

    1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі Көкібел елді мекені А.Құралов көшесі № 98, 100, 102 және Жастар көшесі № 10, 11 тұрғын үйлердің аумағында бір бас иттің басынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы

    С.Мейрбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.