Отырар аудандық мәслихатының «Отырар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 12 мамырдағы № 2/14-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Отырар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 2/14-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6279-13 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесінің 12) тармағындағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 ««Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген)» - деген сөздер ««Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген)» - деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесіндегі «(жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған)» - деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар аудандық мәслихатының төрағасы
У. Ұзақов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.