«Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1647 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін тұрақты тұрғылықты тіркелген жері бойынша Алматы қаласының аудан әкімдіктеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) өтінішпен мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын куәландыру үшін талап етіледі);
2) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалінің немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісі куәліктерінің көшірмесі;
3) жол ақысының құнын растайтын билеттер, отырғызу талоны;
4) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.»;
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
аталған шешім мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуды Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүзеге асырады.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы
М.Отыншиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.