«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 наурыз 2024 ж.

    «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1735 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    аталған шешіммен бекітілген, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларында:

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Әлеуметтік көмек кірісті есептемей 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2023 жылғы 1 қарашадан бастап – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін 0,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 1 наурыздан – 0,75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 1 сәуірден – 0,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына көрсетіледі:

    1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

    2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

    3) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

    4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

    5) мүгедектігі бар баласы (балалары) бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

    6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға;

    7) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына;

    8) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасы бойынша зейнеткерлерге;

    9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерді қоспағанда.».

    2. Осы шешім 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

    М.Отыншиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.