Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2024 жылғы 29 наурыздағы № 01-12/122 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Абай облысы Аягөз ауданының Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының 7 ауласының мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тарбағатай ауылдық округінің әкімі
Е. Ережепов
Тарбағатай ауылдық округінің
әкімінің 2024 жылғы «02» сәуірдегі
№ 2 шешіміне қосымша
Абай облысы Аягөз ауданының Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының 7 ауласының мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілетін аулалар тізімі.
1. Оралгазин Жалын Мейрбекович- Қарасеңгір көшесі 2 үй
2. Несипбаев Руслан Байсаринович- Қарасеңгір көшесі 4 үй
3. Оралгазин Жаркын Мейрбекович- Қарасеңгір көшесі 6 үй
4. Кулбеков Еркебулан Абдыганиевич- Қарасеңгір көшесі 5 үй
5. Омаров Еркин Толендинович -Қарасеңгір көшесі 11 үй
6. Жунусов Мейрамбек Омиртаевич- С.Омарғазы көшесі 3а үй
7. Шалов Бактыбек Байдалинович - Мектеп көшесі 18 үй
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.