Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 1 қазан 2025 ж.
Қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласының аумағында қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде келісілсін:
1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 120 (жүз жиырма) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 250 (екі жүз елу) теңге.
Қалалық мәслихат төрағасы
А. Бөкенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.