Жайық-Каспий бассейнінде бекіре балықтарын аулауға тыйым салу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қазан 2001 ж.

    Жайық-Каспий бассейнінде бекіре балықтарын аулауға тыйым салу туралы

    "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

    1. Жайық-Каспий бассейнінде бекіре балықтарын ғылыми мақсатта пайдаланудан басқа оларды аулауға 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін тыйым салынсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.