Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 284/5 «Шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2024 ж.

    Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 284/5 «Шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы

    Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 284/5 «Шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6497-09 болып тіркелді) келесі өзгерту енгізілсін:

    шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

    «1. Шахтинск қаласында, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде хостелдерді, қонақ үйлерді, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.».

    2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы

    Ж. Мамерханова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.