Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 518 «Саран қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды айқындау, оларды пайдалану тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 518 «Саран қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды айқындау, оларды пайдалану тәртібі туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6006 тіркелген) келесі өзгеріс:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қалалық мәслихатының төрағасы
О. Баймаганбетов
Саран қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 104
шешіміне қосымша
Пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Саран қаласының келесі объектілерінде 800 метр қашықтықта айқындалады:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.