Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 шілдегі № 6 «Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 наурыз 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 шілдегі № 6 «Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 01-28-284 ұсынысы негізінде, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

    2. Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімінің «Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2023 жылғы 13 шілдегі № 6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі

    С.Валитова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.