«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 сәуір 2024 ж.

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

    Б. Мусин

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім

    министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржылық мониторинг агенттігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Қорғаныс министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Мәдениет және ақпарат министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Оқу-ағарту министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Сауда және интеграция министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Су ресурстары және ирригация

    министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Сыртқы істер министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Туризм және спорт министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Ішкі істер министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Экология және табиғи ресурстар

    министрлігі

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрі

    2024 жылғы 1 сәуірдегі

    № 188/НҚ Бұйрыққа

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2014 жылғы 20 қарашадағы

    № 98 бұйрығымен

    бекітілген

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленген және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін қосқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

    2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

    1) жасырын мемлкеттік қызмет – мемлекеттік қызмет өлшемшарттарына жауап беретін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;

    2) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

    3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

    4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі;

    5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

    6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.

    3. Уәкілетті органның тізілімді жүргізудің және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтаудың негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, жасырын мемлекеттік қызметтерді есепке алу және тізілімге енгізу, көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде тиісті жағдайды нақтылау үшін электрондық үкімет веб-порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, оның ішінде мемлекеттік қызметтің кіші түрлері туралы негізгі мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

    4. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

    5. Тізілімнің сыныпталуы мыналардан тұрады:

    1) қоғамдық қатынастар салаларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын бөлімдер;

    2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын кіші бөлімдер;

    3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлері арқылы жүзеге асырылады.

    6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейлерінің кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгі түріндегі сегіз таңбалы жеке жіктелген код беріледі.

    Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:

    1) бірінші бөлім – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласының бөлімін білдіреді;

    2) екінші бөлім – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;

    3) үшінші бөлім – 3 цифрдан тұрады және кіші бөлім ішіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реттік нөмірін білдіреді.

    7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сыныпталған кодын уәкілетті орган береді.

    8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

    2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі

    9. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

    1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;

    2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге немесе тізілімнен шығаруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;

    3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді енгізу немесе тізілімінен алып тастау;

    4) тізілімнің мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) мәніне мониторинг жүргізу;

    5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» веб-порталында өзектендіру (жаңарту).

    Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:

    1) жыл сайын тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді;

    2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде өзгерістерді және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға (бұдан әрі – 4-қосымша) сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға ұсынады.

    10. Уәкілетті орган «электрондық үкімет» веб-порталында тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін орталық мемлекеттік органдардан және жергілікті атқарушы органдардан тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстардың түсуіне қарай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты және өзге де түйінді мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарының немесе ақпараттандыру объектілерінің атаулары, мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуы, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы) орналастыруды қамтамасыз етеді.

    11. Тізілім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

    3-тарау. Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау тәртібі және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу

    12. Жасырын мемлекеттік қызметтің мемлекеттік функцияны іске асыру шеңберінде құжат түрінде және (немесе) іс-әрекет түрінде нақты, үлгілік нысаны болады.

    13. Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау тәртібі:

    1) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар әр жартыжылдық сайын жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау мәніне талдау жүргізеді;

    Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстар қалыптастырады;

    2) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды ұсынады, ол бойынша жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізіп, уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдармен одан әрі келісу үшін тізілім жобасын әзірлейді;

    3) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті тізілімге енгізу бойынша келіспеушілектер болған жағдайда, жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізу мәселесі оны тізілімге енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы бойынша ұсыныстар шығару үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығарылады.

    Мемлекеттік көрсетілетін

    қызметтер тізілімін жүргізу

    қағидаларына

    1-қосымша

    нысан

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

         
    Р/с №
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және (неме­се) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рін көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ні әзір­лей­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­нің ата­уы
    1
    2
    3
    4
    5
    6

    Мемлекеттік көрсетілетін

    қызметтер тізілімін жүргізу

    қағидаларына

    2-қосымша

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы

    Бөлім
    Ішкі бөлім
    Атауы
    001
    Құжаттау
    00101
    Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебені алу
    00102
    Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу
    002
    Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу
    00201
    Жеке тұлғаларды тіркеу/ мәртебесін, тұрғылықты жерін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және басқа деректерін ауыстыру
    00202
    Шетелде болу
    00203
    Қазақстан Республикасына келу
    003
    Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу
    00301
    Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    004
    Отбасы және балалар
    00401
    Отбасын құру
    00402
    Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу
    00403
    Балаға білім беру және бос уақыт
    00404
    Баланы бағу және қамтамасыз ету
    005
    Мүлік және зияткерлік меншік құқығы
    00501
    Жылжымалы мүлік
    00502
    Жылжымайтын мүлік
    00503
    Зияткерлік меншік
    00504
    Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    006
    Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау
    00601
    Медициналық көмек
    00602
    Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    00603
    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
    00604
    Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    007
    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
    00701
    Халықты жұмыспен қамту
    00702
    Халықты жұмыспен қамту саласында рұқсат құжаттарын беру
    00703
    Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру
    00704
    Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау
    00705
    Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер
    00706
    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    008
    Білім және ғылым
    00801
    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
    00802
    Білім және ғылым саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    00803
    Білім және ғылым саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    009
    Бизнес және кәсіпкерлік
    00901
    Бизнестің немесе жеке кәсіпкерліктің басталуы
    00902
    Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметінің тоқтауы
    00903
    Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    00904
    Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    00905
    Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, өткізуге және сақтауға (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) рұқсат ету құжаттарын беру
    00906
    Кәсіпкерлік қызметті қолдау
    010
    Туризм
    01001
    Туризм саласындағы өзгеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    011
    Көлік және коммуникация
    01101
    Автомобиль көлігі
    01102
    Әуе көлігі
    01103
    Теміржол және су көлігі
    01104
    Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    012
    Қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін, табиғи ресурстарды қорғау
    01201
    Қоршаған ортаны қорғау
    01202
    Су ресурстарын пайдалану
    01203
    Орман ресурстарын пайдалану
    01204
    Жануарлар дүниесін пайдалану
    01205
    Жер қойнауын пайдалану
    013
    Ауыл шаруашылығы
    01301
    Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    01302
    Ауыл шаруашылығы саласында рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    014
    Өнеркәсіп, индустрия және технология
    01401
    Отын және энергетика
    01402
    Технологиялар
    01403
    Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    01404
    Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    015
    Мұнай-газ саласы
    01501
    Мұнай-газ саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    01502
    Мұнай-газ саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    016
    Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп, аудиторлық қызмет
    01601
    Салықтық әкімшілендіру
    01602
    Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
    01603
    Аудиторлық қызмет
    017
    Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау
    01701
    Банктер қызметі саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    01702
    Зейнетақы қорларының қызметі саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    01703
    Сақтандыру қызметтері нарығы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    01704
    Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    018
    Кеден ісі
    01801
    Кеден ісі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    019
    Қауіпсіздік, қорғаныс және сот әділдігі
    01901
    Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    01902
    Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    020
    Бәсекелестікті қорғау
    02001
    Бәсекелестікті қорғау саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    021
    Дін
    02101
    Дін саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    022
    Жер қатынастары, геодезия және картография
    02201
    Жер қатынастары
    02202
    Геодезия және картография
    023
    Мәдениет, ақпарат және байланыс
    02301
    Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    02302
    Ақпарат
    02303
    Мәдениет
    024
    Төтенше жағдайлар
    02401
    Төтенше жағдайлар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    025
    Дене шынықтыру және спорт
    02501
    Дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    026
    Сәулет-қала құрылысы қызметі
    02601
    Сәулет және қала құрылысы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)
    02602
    Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    027
    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
    02701
    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    028
    Сыртқы саясат және шетел істері
    02801
    Сыртқы саясат және шетел істері саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    029
    Табиғи монополияларды реттеу
    02901
    Табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    030
    Мемлекеттік қызмет
    03001
    Мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    031
    Басқа
    03101
    Ғарыш кеңістігін пайдалану
    03102
    Апостиль қою
    03103
    Статистикалық ақпаратты ұсыну
    03104
    Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік

    Мемлекеттік көрсетілетін

    қызметтер тізілімін жүргізу

    қағидаларына

    3-қосымша

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны

    Р/с №
    Құ­ры­лым­дық эле­мент
    Қол­да­ны­с­та­ғы ре­дак­ция
    Ұсы­ны­лып отыр­ған ре­дак­ция
    Негіз­де­ме (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ге және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің тап­сыр­ма­сы­на сі­л­те­ме (болған жағ­дай­да)
    1
    2
    3
    4
    5

    Мемлекеттік көрсетілетін

    қызметтер тізілімін жүргізу

    қағидаларына

    4-қосымша

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың са­на­ты
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ні әзір­лей­тін ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және ре­сім­дел­ген құ­жат­тар­ды бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар (мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне)
    Ақы­лы бо­луы (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін­қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    оның ішін­де:
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рі­нің ны­са­ны (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің әр­бір кі­ші тү­ріне)
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі (бо­лжа­на­тын мер­зім­дер, құ­жат­тар ті­зі­лі­мі және та­ғы­да бас­қа)
    Ті­зі­лім­ге то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу негіз­де­ме­сі (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ге және (неме­се) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің тап­сыр­ма­сы­на сі­л­те­ме (болған жағ­дай­да)
    Құқық­тық негіз­де­ме
    тө­лем мөл­ше­рі
    9
    10
    11
    12
    13

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.