Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 126 «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Алға ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Алға ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2024 жылғы 7 ақпандағы № 126 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8498 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы
М. Тулеуов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.