Нұсқаның өзектілігі
Құжаттың күші жойылған
Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3 - бабының 5 -тармағына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қорғалжын ауданында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3 - бабы 4 - тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерлеме мөлшері 4%-дан 2% - ға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы
Б.Рыспаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.