Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 1 ақпандағы қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) №120 көшеге – Қадырбек Есенғалиев көшесі;
2) №35 көшеге – Кәки Ұлханов көшесі;
3) №36 көшеге – Бақтыбай Қалымбетов көшесі;
4) №17 көшеге – Биахмет Сәрсенұлы көшесі;
5) №18 көшеге – Ыбырайым Жайнақұлы көшесі;
6) №19 көшеге – Райымжан Мәрсекұлы көшесі;
7) №20көшеге – Асылбек Сейітұлы көшесі;
8) №21 көшеге – Сәлімгерей Жантөреұлы көшесі;
9) №22 көшеге – Қошмұхамед Кемеңгерұлы көшесі;
10) Құлсары қаласындағы бұрыннан қалыптасқан атау, Атырау шағын ауданы – Атырау шағын ауданы;
11) Құлсары қаласындағы өндірістік аймақты – Қарашүңгіл өндірістік аймағы.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылыой ауданы әкімі
Ж. Қаражанов
Жылыой аудандық мәслихат төрағасы
Қ. Мыңбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.