Комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 28 қыркүйектегi "Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өтеген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметкерлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылғы қазан-желтоқсанда мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" № 688 Жарлығына сәйкес:
1. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшiн облыстық комиссиясы құрылсын және оның құрамы бекiтiлсiн (қоса тiркеледi).
2. Облыстық комиссия апталық мерзiмде iс-шара жоспарын әзiрлесiн және оны облыс әкiмiне бекiтуге ұсынсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Д.Қ.Мыңбайға жүктелсiн.
Облыс әкімі
Б. Сапарбаев
Облыс әкімінің
2001 жылғы 2 қазандағы
№ 209 шешіміне
қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
|
1.
|
Д.Қ.Мыңбай
|
- облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
|
|
2.
|
А.А.Саттаров
|
- облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының
орынбасары (келісімі бойынша)
|
|
3.
|
Е.Серебренникова
|
- облыстық аурухананың медбикесі, комиссия
хатшысы (келісімі бойынша)
Комиссия мүшелері:
|
|
Б.Н.Дүйсебаев
|
- облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмысы
бөлімдегі облыс әкімінің бас инспекторы
|
|
|
С.О.Тұрсынбеков
|
- облыстық ішкі істер бас басқармасы бастығының
орынбасары (келісімі бойынша)
|
|
|
Д.А.Төлепбергенов
|
- облыс әкімшілігі денсаулық сақтау басқармасы
бастығының орынбасары
|
|
|
М.А.Жылқышиев
|
- дәрігер, облыстық әскери-дәрігерлік комиссия
төрағасы (келісімі бойынша)
|
|
|
Егізбаев М.К.
|
- облыстық мәслихаттың депутаты - қалалық
жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері
(келісімі бойынша)
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.