Нұсқаның өзектілігі
Құжаттың күші жойылған
Ақтау қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтау қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы
С. Закенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.